Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
О, Құдай Ие, енді өз құдіретіңнің белгісімен, яғни осы Келісім сандығымен, бірге көтеріліп, (жер бетіндегі) тұрағыңа кіріп, оны ұдайы мекендей гөр. Уа, Құдайым Жаратқан Ие, діни қызметкерлерің әрдайым Сенің құтқаруыңды молынан қабылдап, басқаларға да жеткізсін! Өзіңе адал адамдарың жақсылығыңа қуанып шаттана берсін! Сен «Алдыма келіп, сиыныңдар» дедің,Саған шын жүректен жауап беремін:«Уа, Ием, сиынып алдыңа келемін». Ол тіпті өз құдіретін паш еткен сандығынХалқының жауларының қолына түсірді,Иә, Өзінің ұлылығының осы белгісінСол дұшпандарының қолдарына тапсырды!
Выбор основного перевода