Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:— Һаронға мынаны айт: «Таяғыңды сілтеп, жердің шаң-тозаңын ұрып жібер! Сонда бүкіл Мысырдағы шаң-тозаң масаларға айналады». Олар солай істеді де. Һарон қолындағы таяғын сілтеп, жердің шаң-тозаңын ұрып қалғанда, адамдар мен малдардың үстіне масалар жабыла қонды. Бүкіл Мысыр еліндегі шаң-тозаң масаларға айналды. Егер оларды жібермесең, онда Мен өзіңе, нөкерлеріңе, халқыңа және тұратын үйлеріңе шыбын-шіркейлерді быжынатып жіберемін. Мысырлықтардың үйлері мен далалары шыбын-шіркейге лық толады. Ал сол күні Мен өз халқым мекендеген Гөшен еліне бөлек қараймын: онда ешқандай шыбын-шіркей болмайды! Осылайша сен бұл елдің ішінде Менің, Жаратқан Иенің, бар екенімді білетін боласың. Мен өз халқымды сенің халқыңнан ажыратып қоямын. Құдіретімді көрсететін осы керемет ертең болады». Жаратқан Ие солай істеді де. Перғауынның сарайы, нөкерлерінің үйлері, бүкіл Мысыр елі бұлттай қаптаған шыбын-шіркейлерге толып, ел күйреп жатты.
Выбор основного перевода