Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бізді Мысырдан жүзім бұтасындай әкелдің,Басқа ұлттарды елден қуып шығардың,Солардың орнына бізді отырғыздың. Ол үшін тазартып, өңдедің жерді,Сол «бұта» тамыр жайып, толтырды елді, Оның көлеңкесі тауларды жапты,Сабақтары зор самырсындарды басты. Бұтақтары созылды теңізге дейін,Өркендері — Евфрат өзеніне дейін. Сонда Жаратқан Ие таңдап алған халқының рубасылары мен әміршілеріне айыптарын атап көрсетеді: «Сендер Менің жүзімдігімді ойрандадыңдар! Өз сарайларыңды бейшаралардан тонап алған дүние-мүлікпен толтырдыңдар. Менің халқыма қысымшылық жасап, кедейлерді езіп-жаншығандарың не?!» — деп нық айтады Әлемнің Әміршісі Жаратқан Ие.
Выбор основного перевода