Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әр өгіз өз қожайынын таниды, есек те иесінің жем салатын астауын біледі. Бірақ Исраил Мені танымайды: меншікті халқым Менің кім екенімді ұқпайды!» елубасылары мен лауазымдыларын, кеңесшілері мен шебер ұсталарын және білгір бақсыларын да халық арасынан алып кетеді. Сол себепті бір-ақ күн ішінде Жаратқан Ие Исраилдің басы мен құйрығын, оның үлкенді-кішілі барлығын да шауып тастайды: рубасылар мен атақтылар — елдің басы, ал құйрығы — жалған тәлім беруші көріпкелдер. Қардан пәк, сүттен ақ еді елдің әміршілері,Әрі маржаннан қызғылт олардың тәндері,Көк асыл тастай жарқылдайтын өңдері. Ал қазір күйеден де қара келбеттері,Көшеде танымайды оларды таныс кісілері,Отындай кеуіп, сүйегіне жабысты терілері. Осылай Менің халқым Өзімді шынайы білмегендіктен құриды. Сендер осы білімді қажетсіз деп санағандықтан, Мен де енді сендерді діни қызметкерлерім болуға қажетсіз деп санаймын. Өздерің Құдайларыңның Таурат заңын естеріңнен шығарғандарың үшін Мен де енді сендердің балаларыңды жарылқауды есімнен шығарамын.
Выбор основного перевода