Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бізді Мысырдан жүзім бұтасындай әкелдің,Басқа ұлттарды елден қуып шығардың,Солардың орнына бізді отырғыздың. Ол үшін тазартып, өңдедің жерді,Сол «бұта» тамыр жайып, толтырды елді, Оның көлеңкесі тауларды жапты,Сабақтары зор самырсындарды басты. Бұтақтары созылды теңізге дейін,Өркендері — Евфрат өзеніне дейін. Енді неге қоршаған дуалын қираттың?Қасынан өткеннің бәрі жұлды жемісін, Орман қабаны түбін қазып, қопаруда,Түз аңдары жайылып, «бұтаңды» жалмауда! Уа, Әлемнің Иесі, қайта оралсаңшы,О, Құдай, көктен жерге көз салсаңшы,Осы «жүзім бұтасын» қамқорлашы, Құдіретті қолыңмен оны отырғыздың,Сабақтарын Өзіңе арнап өсірдің. Сол заманда ұнамды жүзімдік жайлы мына жырды айтыңдар: Сені жемісі құнды асыл тұқымды жүзім бұтасы деп отырғызған едім. Қалайша енді бөгде жүзім бұтасының жабайы сабақтары болып шыға келдің?! Тағы бір астарлы әңгімені тыңдаңыздар: бір қожайын жүзім бағын отырғызады. Оны дуалмен қоршап қояды, әрі жүзім шырынын сығып алуға арналған шұңқыр қазып жасап, күзет мұнарасын да салады. Кейін бағын жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі басқа жаққа сапарға аттанады. Сонда Иса оларға астарлы әңгімелер айта бастап былай деді:— Бір кісі жүзім бағын отырғызады. Оны дуалмен қоршап қояды, әрі жүзім шырынын сығып алуға арналған шұңқыр қазып, күзет мұнарасын да салады. Кейін бағын жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі басқа жаққа сапарға аттанады. Мерзімі жеткенде бақтың иесі оның өнімінен өзіне тиісті үлесін алу үшін жүзімшілерге бір қызметшісін жұмсайды. Бірақ олар қызметшіні ұстап алып, ұрып-соғып, құрқол қайтарып жібереді. Бақтың иесі өзге бір қызметшісін жұмсайды. Олар оның басын таспен ұрып жарақаттап, намысына тиіп қорлап, қуып жібереді. Қожайын тағы басқа біреуді жұмсаса, әлгілер оны өлтіріп тастайды. Содан кейін қожайын өзге де көптеген қызметшілерін жібереді, ал олар кейбіреулерін ұрып-соғып, басқаларын өлтіріп тастайды. Бақ иесінің жұмсайтын тағы бір адамы — өзінің сүйікті ұлы қалады. Ақыр соңында қожайын: «Менің ұлымнан қаймығар» — деп ойлап, оны да жұмсайды. Бірақ жүзімшілер өзара: «Бұл — мұрагер ғой! Кәне, жүріңдер, оны өлтірейік, сонда мұрасы біздікі болады!» — деседі. Олар ұлды ұстап алып, өлтіріп, бақ сыртына лақтырып тастайды. Енді жүзімдіктің иесі не істемек? Ол келіп, жүзімшілерді өлтіріп, бағын басқаларға тапсырмақ! Сол кезде Иса халыққа мына астарлы әңгімені айтып берді:— Бір кісі жүзім бағын отырғызады. Оны жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі ұзақ уақытқа басқа жаққа сапарға аттанады.
Выбор основного перевода