Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Исраилдіктер, сондай-ақ, өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге қарсы әділетсіз істерді астыртын да істеп жүрді. Олар барлық елді мекендерінде, күзет мұнарасында болсын, қамалды қалада болсын биіктеу жерлердегі табыну орындарын жасап алған болатын. Ақтау кінәліні, айыптау кінәсізді —Екеуі де Жаратқан Иеге жиренішті. Жылқы жартаста ойнақтай ала ма? Теңізді соқамен жыртуға бола ма? (Әрине, болмайды.) Ал сендер әділдік пен шыншылдықты ащы уға айналдырдыңдар! Дененің «шамы» — көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің түгелдей нұрға кенеледі. Ал егер ашкөз болсаң, бүкіл өміріңді қараңғылық басады. Сонымен, егер өміріңде нұр орнына қараңғылық болса, ол қандай қара түнек болмақ! Дененің «шамы» — көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда, өмірің түгелдей нұрға кенеледі. Ал егер ашкөз болсаң, өміріңді қараңғылық басады. Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын, байқа!
Выбор основного перевода