Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оның түп-тамыры құрғап, бұтақтары қурап қалады. О, күнәкар ұлт, мойнында ауыр кінәсі бар халық, зұлымдардың тұқымы, азғындыққа салынған ұрпақ! Мен Жаратқан Ие, Исраилдің Киелі Құдайы болсам да, олар Мені менсінбей, бас тартып, сырт айналып кетті! Расында адамдардың әділетсіздігі от іспетті лаулап жанып, тікенді бұталарды әрі жантақ, ошағанды жалмап, ну орманды да өртеп жібереді. Түтін бағаналары зәулім биікке дейін көтеріледі. Әлемнің Иесінің лаулаған қаһарынан жер өртеніп, халық отқа жем болады. Сонда адамдар жақындарын да аямай, әркім өз қара басын ғана қорғайды. Себебі бұл — бас көтергіш халық, өтірікші балалар, Жаратқан Иенің тәлімін тыңдаудан бас тартатын перзенттер. Сол себепті Мен Ефрем елін күйе сияқты, Яһуда елін көгертіп шіріткен зең сияқты құртамын. Олардың даусы тау бастарында гүрілдеген соғыс күймелеріндей, сабанды сатырлатып жалмайтын оттай, әрі шайқасқа дайындалып сап құрған қуатты әскердей естіледі. Назар аударыңдар, Құдайдың айтқанын менсінбейтіндер, таңғалыңдар да ғайып болыңдар! Себебі көздерің тірі тұрғанда Мен бір істі жүзеге асырмақпын. Оны біреу алдын ала айтып берсе де, сендер сенбес едіңдер.
Выбор основного перевода