Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің сөзін терең қастерлеп, орындайтындар, Оның мына айтқандарына ден қойыңдар:— Сендерді Маған бола жек көріп, шеттетіп келген бауырластарың: «Жаратқан Ие Өзінің салтанатты ұлылығын паш етіп алсын! Мүмкін, сонда қуанғандарыңды көретін шығармыз» деп мысқылдап жүр. Бірақ олар өздері масқара болады! Ал дұшпандарым мені: «Жаратқан Иенің айтқан сөзі қайда? Кәне, қазір-ақ іске ассыншы!» деп келекелей береді. «Ей, пендем, Исраил елінде жұрт: «Уақыт өте күндер созылар, әрбір аян да ғайып болар» деген мәтелді келтіріп жүр, бұл қалай? Уа, «Жаратқан Иенің соты күні келсе екен!» деп аңсайтындар, сендер қасіретке қаласыңдар! Жаратқан Иенің күні сендерге не үшін керек? Оның алып келетіні нұр емес, қара түнек қой! Ең бастысы, мынаны біліп қойыңдар: осы соңғы заманда арам құмарлықтарына салынып, сендерді келемеждейтін адамдар шығатын болады. Мұндайлар: «Иелеріңнің қайтып келетіні жайлы берген уәдесі қайда, ә? Аталарымыз қайтыс болғаннан кейін де барлық жайттар еш өзгеріссіз, жаратылыстың басталуынан бергі қалпында қалып келеді ғой», — дейді.
Выбор основного перевода