Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені олар Оның тура жолынан бұрылып кетіп, Оның еркіне мүлдем көңіл бөлмеді. Иеміздің істерін олар елемейді,Оның жаратқандарын құрметтемейді,Сондықтан Ол соларды талқандайды,Енді қайтып оларды көтермейді. О, Тәңір, қолың соғуға көтерілген,Бірақ зұлымдар соған қоймайды ден,Өз халқыңды қорғайтыныңды зор ынтаменКөрсетіп оларды ұялтасың Сен.Жауларыңа дайын тұрған от расындаОларды жалмайтын болады да. Бірақ елдің қазіргі басшылары шарап, сыра ішіп алғандықтан теңселеді. Пайғамбар мен діни қызметкер сыра ішіп, жолдарынан тайып кетеді. Олар шарапқа салынып, естерінен адасқан. Сондықтан (пайғамбарлар) аян көргенде шайқалады, әрі (діни қызметкерлер) алдарына әкелінген істерді әділ шеше алмайды. Жетігеннің сүйемелдеуімен ән айтасыңдар, Дәуіт патшаға еліктеп, күй аспаптарыңда ойнауға әуен-күйлер ойлап табасыңдар. Шарапты тостағандап ішіп, үстеріңе жұпар иісті май жағасыңдар. Ал Жүсіптің үрім-бұтағының басына төніп тұрған жойылу жайлы қайғырмайсыңдар!
Выбор основного перевода