Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі құл болсақ та, Құдайымыз бізді осы құлдығымызда тастап кеткен жоқ. Керісінше, бізге парсы патшаларының көз алдында Өзінің берік мейірімін көрсетті. Осылайша Құдайымыздың қирап жатқан киелі үйін қайта тұрғыза алуымыз үшін бізге жаңа өмір сыйлады, әрі Яһуда мен Иерусалимде қабырға іспетті қоршайтын қорғаныш та берді. Енді неге қоршаған дуалын қираттың?Қасынан өткеннің бәрі жұлды жемісін, Қызметшіңмен жасаған Келісіміңнен тандың,Оның тәжін жерге лақтырып арамдадың. Елде жұрттың оннан бірі қалса да, олар да қайтадан жойылады. Алайда үлкен ағаштар кесіліп тасталғаннан кейін түбірлері қалатыны сияқты, халықтың Өзіме бағышталған тұқымы оның «түбірі» іспетті болып аман қалады. Ассурдың әскерін Менен безіп, қаһарымды шақырған арсыз халыққа қарсы аттандырамын, әрі оны тонап, олжалауға, даладағы саз балшықтай таптауға жіберемін. Халықтың: «Мынау менің ашыналарым берген сыйлықтар» дейтін жүзім бұталары мен інжір ағаштарын құртып, қалың тоғайға айналдырамын. Сонда жабайы аңдар олардың жемістерін жеп қояды. Олар қылыштан өледі немесе тұтқындалып, барлық басқа ұлттардың елдеріне айдалады. Құдайға сенбейтін халықтар өз дәурендері өткенше Иерусалим қаласын табандарымен таптап, білгендерін істейтін болады. Алайда киелі үйдің сыртқы ауласын өлшеме, оны есептен шығарып таста! Себебі Құдай оны Өзіне мойынсұнбаған басқа ұлттарға уақытша табыс етті. Олар киелі қаланы қырық екі ай бойы табандарының астына таптайтын болады.
Выбор основного перевода