Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Адам гүл секілді өсіп шығып, солып қалады, өткінші көлеңкедей болған жерінде қала алмайды. Ал бір мыңжылдық Сенің көз алдыңдаӨте шыққан күн тәрізді қып-қысқа,Иә, түнгі күзеттей шектеулі ғана. Сен лезде-ақ алып кетесің пендені,Ол бір көрініп, жоқ болар түс секілді,Яки далада өскен шөп тәрізді:Таң ата шықса да көгеріп,Кешке қарай қурап қалады семіп. Адамның өмірі көк шөп секілді,Ол гүлдейді дала гүлі тәрізді: ал бай адам қарапайым дәрежесімен мақтансын. Өйткені пенде шөп арасындағы жабайы гүл іспетті бірден құрып кетпек. Күн шығып, аптап ыстық басқанда шөп қурап, гүл де солып, бар сұлулығынан айырылады. Дәл солай, бай адам да бұ дүниедегі іс-әрекетімен шұғылданып жүргенде-ақ қалжырап, құрып кетпек. Күллі пенде атаулы көк шөп секілді!Бар салтанаты дала гүліндей өткінші:Шөп сарғайып қурап, гүл солады, Ал Жаратқанның сөзі мәңгі қалады!Сендерге уағыздалған Ізгі хабар — Құдайдың осы мәңгілік сөзі. Кешкі көлеңкедей өтеді күндерім,Қураған шөптей әбден әлсіредім.
Выбор основного перевода