Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көк те — Сенікі, жер де — өз меншігің,Негізін салдың Сен күллі әлемнің,Әрі жараттың ондағылардың бәрін. Сен жараттың солтүстік, оңтүстікті де,Табор, Хермон таулары қуанады есіміңе. Қолың мен білегің ерен қуатты,Оң қолың барлығынан да жоғары. Иеміз жұлдыздардың санын белгілеген,Ол барлығына да өз аттарын берген. Жаратқан Иенің кітабын оқып шығып, білімді қабылдаңдар! Сол кезде осы аңдардың бір түрі де жоқ болмайды, ешқайсысы да жұпсыз қалмайды. Себебі Жаратқан Иенің Өзі мұны бұйырды, Оның Рухы оларды жинап әкелмек. Аспанды жайып жіберіп жаратқан,Жерді де өнімімен жайып тастаған,Адамдарға өмірдің лебін үрлеген,Жер басқанның бәріне тыныс бергенҚұдай Ие мынаны да айтқан: Аспанға көз жүгіртіп, жерге де назар аударыңдар: аспан түтіндей ғайып болып, жер ескі киімдей пайдасыз болып қалады, оның тұрғындары шыбын-шіркей секілді лезде өліп құриды. Бірақ Менің құтқаруым мәңгілік болады, әділ билігімнің шегі болмайды.
Выбор основного перевода