Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Әйүп аға: «Мен жазықсызбын, ал Құдай мені өзіме тиісті құқығымнан айырды. Иә, шынымен Құдай ешқандай зұлымдық істемейді, құдіреті шексіз Тәңір ақиқатты бұрмаламайды! Уа, Жаратқан Ие, менің Құдайымсың Сен!Құрметтеп Сені атыңды мақтаймын мен.Сондай керемет істерді жасадың,Өзің көп бұрын оларды жоспарладың,Шынайы адалдықпен жүзеге асырдың. Ал мен былай деп жауап бердім:— Бүкіл еңбегімді зая еттім, құр бекерге күшімді жұмсадым! — Бірақ Жаратқан Ие мені ақтайды, Құдайым еңбегімнің әділ бағасын сақтайды. Ал Сионның халқы былай деген еді:— Құдайым мені ұмытып, тастап кетті! — (Жасаған Иенің жауабы мынау:) Қаһарланған кезде сенен бір сәтке бетімді жасырған едім. Алайда мәңгілік сүйіспеншілігіммен саған рақым етемін», — дейді сені құтқарып алған Қамқоршың Жаратқан Ие. Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме? Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды! Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?»
Выбор основного перевода