Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бір қарыстан ұзақ емес өмірім,Қас қағым сәт — ғұмыр жасым Сен үшін.Рас, алған деміндей әлсіз — пенде өмірі! Адамзат атаулы шығарған деміңдей,Атақты, атақсыз бәрібір бекердей,Таразыға бәрін салып көргенде,Жеңіл олар шығарған деміңнен де. Сонда Құдайдың құрбандық үстелі орналасқан Иерусалим қаласына қарсы соғысып жатқан көптеген халықтардың шулы әскерлері көрген түс сияқты түгелдей ғайып болады. Олар қаланы оның бекіністерімен бірге қамап алған еді. Енді сол әскерлердің бәрі де түн ішінде көзге елестеген бір нәрседей жоқ болып кетеді. Оның лебі жауларының мойындарына жететін қатты ағысты тасқындай шығады. Жаратқан Ие ұлттарды електен өткізіп, айырады. (Өзіне бағынудан бас тартатын) халықтарды ауыздық пен жүген салғандай жолдан адасып, жойылуға жетелейді.
Выбор основного перевода