Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Сендер Мені кімге ұқсатасыңдар,Кіммен Мені салыстырасыңдар?» —Деп сауал қояды Киелі Құдай. Жалған тәңірлердің мүсіндерін жасаушылардың бәрі де дәрменсіз! Олар өз тәңірсымақтарын соншалықты ұнатып, бағалағанмен, соларынан ешқандай пайда көрмейді. Өздері бұған куә! Мүсіндері көре алмайды да, ештеңені ұқпайды да, сондықтан олар масқара болады. Ешбір пайдасы жоқ «қуыршақ тәңірлерді» жасап, мүсіндерін құйып қалыптастыратындар кімдер? Сондайлар ұятқа қалатын болады! Мүсіндерді жасайтын зергерлер жай пенделер ғана. Олар бәрі жиналып, алдымда тұрсын! Сонда үрейлері ұшып, барлығы масқара болады. Ұста сом темірден мүсіннің тұлғасын жасап, оны отпен шыңдайды. Мұнан кейін мықты қолына балғасын алып, тұлғаны ұрғылап, «қуыршақ тәңірді» қалыптастырады. Содан қарны ашып, әлсіреп, су ішпегеннен шаршап-шалдығады. Ағаш шебері (қатты ағаш таңдап алып), жіп тартып өлшеп, қашаумен мүсіннің сұлбасын белгілейді. Оны кескішпен өңдеп, жұмырлап, адамның келбетті бейнесін жасайды. Содан оны жалған тәңірдің ғибадатханасына апарып қояды. Бұл жұмыс үшін самырсынды, я болмаса қарағай не еменді кесіп алады. Оларды ормандағы ағаштардың арасынан таңдап алып, сақтап қойған болатын. Немесе шырша отырғызған еді, ол жауған жаңбырмен өсті. Енді сол ағашты адам отын етеді. Бір бөлігін отқа жағып, жылынса, басқасымен нан пісіреді. Ал қалған ағаштан «қуыршақ тәңірін» ойып мүсіндеп, соған иіліп табынады! Адамдар жай мүсін жасап алып, оның алдына жерге жығылып құлшылық етеді! Олар ағаштың бір бөлігін отқа жағып, үстіне тамақ пісіріп, тағы бір бөлігімен ет қуырып, тойғанынша жеген еді ғой! Сондай-ақ отқа жылынып: «Ой, бәрекелді, оттың қызуы керемет екен!» — деп риза болды. Ал ағаштың қалғанынан тәңір мүсінін ойып жасап, оған: «Мені құтқара гөр, сен тәңірімсің ғой!» — деп жалбарынып, иіліп табынады. Бұлай істейтіндер шындықты білмейді де, ұқпайды да. Олардың көздері балшықпен сыланғандай жұмылған, ақыл-саналары ұғына алмастай тас жабылған. Ешқайсысы бұларына ой жібермейді, оларда қажетті білім мен түсінік жоқ. Сол себептен: «Мен жартысын отқа жағып, қоламтасына нан пісіріп, ет қуырып та жедім. Ал қалдығынан жексұрын тәңір мүсінін жасап, сол бір ағаш кесегіне табынғаным қалай?!» — демейді. Керісінше, күлге айналатын нәрсені қанағат тұтады! Алданған саналары сондай адамдарды адастырады. Олар өз жандарын құтқара алмайды. «Оң қолымдағы осы нәрсе жалған емес пе?!» — деген қорытынды шығармайды. Мені кіммен салыстырып, кімге ұқсатасыңдар? Яки Мені кіммен теңестіресіңдер? «Өз меншікті халқын кінәсінен арылтатын әрі оның тірі қалғандарының теріс істерін кешіретін Сен сияқты қай Құдай бар? Сен мәңгілікке қаһарланбайсың, қайта, берік мейірім көрсетуден рақат табасың. Ал енді біз Құдайдың рухани ұрпағы болсақ, Оның болмысы алтын, күміс не тас мүсінге ұқсайды деп ойламайық! Бұлар — адамның өнері мен тапқырлығынан туындаған бейнелер ғана.
Выбор основного перевода