Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Теңіз пайда бола салысымен дүлейлене жөнелгенде оны қақпалармен қоршап, шектеп қойған кім еді? Сол кезде Мен теңізге бұлттарды киім, қара түнекті жөргек еттім, қақпалары мен ысырмаларын орнатқандай оның шекараларын белгілеп қойдым. Оған: «Мына шектен асуыңа болмайды, тәкаппар толқындарыңның тоқтайтын жері осы!» деп бұйырғанмын. Кім аспанға көтерілген?Кім қайтадан жерге түскен?Кім желді уысында ұстай алар?Кім мұхитты шапанымен орап қояр?Кім жердің шегін орнатқан?Өзі мен Ұлының аты кім?Білсең соны айтып берші маған. Құдіретті қолыммен жердің негізін салып, аспан кеңістігін де жайып жібергенмін. Мен бұйрық берсем болды — олардың барлығы бірдей орындарына тұра қалады. Ол туралы тағы мынадай сөздер де айтылған:Ием, жердің негізін салғансың әуел баста,Құдіретіңмен жараттың аспанды да. Олар құриды, Сен боласың әр уақытта,Киімдей тозады олардың барлығы да, Сен соларды көйлектей ауыстырасың,Шапандай бүктеп алып та қоясың.Ал Өзің өзгермей қалатын боласың,Еш таусылмайды Сенің жасар жылдарың.
Выбор основного перевода