Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Және олардың үстінен бір бақташыны, өз қызметшім Дәуітті, тағайындаймын. Ол солардың жайып, қамқорлайтын бағушысы болады. Сол Көсем тұрып, өз халқына Жаратқан Иенің берген қуатымен, әрі өз Құдайы Жаратқан Иенің есімінің салтанатымен билік жүргізетін болады. Оның даңқы жердің ең шалғай түкпірлеріне дейін жеткендіктен, олар қауіпсіздікте тұратын болады. Қарауыл оған есік ашып, қойлар оның даусын естіп таниды. Бағушы өз қойларын атымен шақырып, далаға шығарады. Мен «ізгі Бағушымын»: ізгі Бағушы қойлары үшін жанын қияды. Ал бағушы емес жалданған адам қойлар өзінікі болмағандықтан, қасқырды көрсе, отарын тастай қашады. Қасқыр қойға шауып, оларды жан-жаққа бытыратып жібереді. Олар тамақтанып алғаннан кейін, Иса Шимон Петірден:— Жохан ұлы Шимон, сен Мені мыналарға қарағанда көбірек сүйесің бе? — деп сұрады.— Иә, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой.— Тоқты-қозыларымды бақ! Татулық пен тыныштық орнатқан Құдай біздің Иеміз Исаны өлімнен тірілтіп алды. Иеміз өз қанын төгіп құрбан болуымен мәңгілік Жаңа Келісімді бекіткендіктен, сенушілер қауымының Ұлы Бағушысы болды.
Выбор основного перевода