Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Сондықтан от тілінің сабанды жалмап, жалынның пішенді өртеп жіберетіні сияқты, олар да әп-сәтте ғайып болады. Шөптің тамырлары шіріп, гүлдері қурап, желмен ұшып кететініндей, бірден жойылады. Өйткені олар Исраилдің Киелі Құдайы — Әлемнің Иесінің тәлімін мойындамай, Оның сөздерінен бас тартты. Жаратқан Ие адамдарға Өзінің ғаламат зор үнін естіртіп, лаулаған қаһарымен күш-қуатын көрсетеді. Ол бәрін жалмайтын оттың жалынымен әрі дауыл, нөсер және ірі бұршақ арқылы Өзінің құдіретін танытады. Сол кезде Жақыптың халқы — от, Жүсіптің ұрпақтары — жалын іспетті болады. Ал Есаудан тарағандар сабанға ұқсайды. Әлгілер сабанға от қойып, от оны жалмап қояды. Содан Есаудан тарағандардан ешкім аман қалмайды». — Жаратқан Ие осыны кесіп айтады. ал кигендері темір сауытқа ұқсас екен. Қанаттарынан шыққан шуы ұрысқа шапқан ат жеккен сансыз күймелердің дөңгелектерінің дыбысындай еді.
Выбор основного перевода