Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Қай жерге аяқ бассаңдар, сол жер сендердікі болады. Жерлерің оңтүстіктегі Негев даласынан Ливан тауларына дейін, Евфрат өзенінен батыстағы теңізге дейін созылатын болады. Содан өліктері далаға лақтырылып, қабірге қойылмай, шіріп, сасып жатады. Төгілген қандарынан тау-төбелердің топырағы ылғалданады. Сонда Жаратқан Ие маған былай деді:— Дәл сол сияқты апат осы елдің күллі тұрғындарына солтүстіктен шүйілетін болады! Өйткені Мен солтүстіктегі барлық патшалықтардың ұлттары мен тайпаларын шақырып алмақпын. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын.Солардың патшалары аттанып келіп, тақтарын Иерусалимнің қақпаларының жанына орнатады да, қаланы қоршаған қабырғаларына және Яһуданың барлық басқа қалаларына да шабуыл жасайды. Шегірткенің құрттарынан қалғанды шегірткелер жеді, шегірткелерден қалғанды басқа құрттар жеді, ал одан қалғанды қоңыздар жеп тауысты. Себебі Менің еліме бір «халық» басып кірді, олар күшті әрі қисапсыз көп, ал тістері — арыстанның тістеріндей, тырнақтары — ұрғашы арыстанның тырнақтарындай күшті де өткір. «Араларыңа Мысырдағыдай індет жібердім, жас жігіттеріңді семсермен қырып, жылқыларыңды тартып алып кеттім. Орналасқан жерлеріңдегі өліктердің сасық иісі мұрын жаратындай болды. Бірақ сендер сонда да Маған қайтып келмедіңдер!» — деп әшкерелейді Жаратқан Ие. Сол күннен бастап Иерусалимнен тірі су ағып шығып, бір жартысы шығыстағы Өлі теңізге, екінші жартысы батыстағы Жерорта теңізіне ағып кететін болады. Ағысы қысы-жазы толастамайды.
Выбор основного перевода