Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Содан Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:— Халыққа бар да, оларды бүгін-ертең Маған бағышталып, күнәдан таза болуға шақыр. Бәрі киім-кешектерін жуып тазартып, Мұса таудан төмен түсіп, халықты Тәңір Иеге бағышталып, күнә атаулыдан таза жүруге шақырды. Олар киім-кешектерін жуып тазартты. Мұнан соң Мұса халыққа: «Бүрсігүнге дайындалыңдар. Әйелдеріңмен жақындаспаңдар», — деп ескертті. Жаратқан Иеге жақындап тұратын діни қызметкерлер де өздерін Оған бағыштап, күнәдан таза жүрсін! Әйтпесе Жаратқан Ие соларды құртпақ. — Жақында ғана үйленген адамды соғысқа жіберуге немесе басқа бір іске шақыруға болмайды. Ол бір жыл бойы үйінде болып, жаңадан үйленген әйелін бақытты етуі керек. Осы кезде Яһуданың күллі халқы кішкентай нәрестелері, әйелдері және балаларымен бірге Жаратқан Иенің алдында тұрды. Күйеу жігіттей бөлмесінен шыққанКүннің жүзі де қуана нұрланады,Ол жүйріктей жарысуға құлшынады. Өз мезгілдері бар тас лақтырудың әрі оларды жинаудың,Құшақтасудың әрі содан жалтарудың. Халықтардың арасында мынаны жариялаңдар: «Соғысқа дайындалып, батырларыңды шақырыңдар! Барлық жасақшыларың аттанып, осында өрлеп келсін! Егер біраз уақыт үздіксіз Құдайға сиынуға алдын ала келісіп алған болмасаңдар, бір-біріңнен бас тартпаңдар! Содан кейін тағы бірге болыңдар, әйтпесе өздеріңе ие бола алмай, әзәзіл шайтанның азғыруына ерулерің мүмкін.
Выбор основного перевода