Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Құдай Ие шығыс жақта, Едем деген жерге пейіш бағын орнатып, Өзі жаратқан адамды сонда орналастырды. Құдайымыз келеді, Ол үнсіз қалмайды,Оның алдынан от жалындап жалмайды,Алапат дауыл айналасында соғады. Иеміз айтқанда шегірткелер қаптады,Сансыз көп шегіртке құрттары құжынады, Жердің жасыл шөбінен түк қалдырмады,Егіндіктегі бар астықты жалмады. Сол сияқты, Жаратқан Ие енді Сион шаһарына да жаны ашып, оның қаңырап бос қалған жерлерінің бәрін кереметпен қалпына келтірмек. Ол елдегі шөл дала мен құла түзді жұмақ секілді, иә, Жаратқан Иенің пейіш бағының өзі іспетті ғажап етпек! Сонда Сион шат-шадыман болып, шүкірлікке, шырқалған әнге бөленетін болады. Уа, Жаратқан Ие, Саған жалбарынамын! От иен даладағы жайылымдарды жалмап, жалындары жеміс ағаштарын құртып жіберді! Даладағы жабайы аңдар да Саған жалбарынуда, өйткені бұлақтардың арналары кеуіп, елсіз даладағы жайылымдарды өрт жалмады. Осылай Мен оларды өздері бұрын-соңды көріп-білмеген халықтардың арасына дауыл айдағандай бытыратып жібердім. Олар тастап кеткен елдің иесіз бос қалғаны сонша, онда ешкім де аяқ басып жүрмейтін болды. Осылайша олар сол шұрайлы елді қаңыраған құла түзге айналдырды.
Выбор основного перевода