Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Ойпырмай, сол күн қандай ауыр болады десеңші! Ешбір күн дәл сол күнге ұқсамайды. Сол кез Жақыптың ұрпақтары үшін қиын-қыстау кезең болады! Бірақ ең соңында олар содан құтқарылады. Бірақ сол екі халықтың құтқарушы Қамқоршылары күшті. Оның есімі: «Әлемнің Иесі». Ол солардың мүдделерін қайсарлықпен қорғайды. Осылай Ол елдеріне тыныштық сыйлайды, ал Бабылдың тұрғындарына зобалаң жібереді. Мен сені жазалаған күні батылдығың берік болып, қолдарыңда күш қала берер ме екен? Осыны Мен, Жаратқан Ие, айттым да, оны орындаймын да. Сол күн — қараңғылық пен қара түнектің, бұлттар мен қою тұманның күні! Таң ата жарықтың тау бастарына біртіндеп жайылатынындай, бір үлкен де қуатты әскер елді қаптап келе жатыр. Ол сияқты ежелде ештеңе болмаған, келер замандарда да болмайды. Сол жылдары шегіртке, құрт, қоңыз және шегіртке құрттарының, яғни Өзім араларыңа жіберген ғаламат «әскерімнің», жегендерінің орнын сендер үшін толтырамын. Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты (соты) күні келердің алдында күн — қара түнек, ай — қан қызыл болады. Соттау аңғарында сан мыңдаған адамдар күтіп тұр! Себебі жуырда Жаратқан Иенің күні Соттау аңғарында айқын көрінеді. Сонда Жаратқан Ие Сионнан ақырып, Иерусалимнен дауысын шығарады. Сол кезде аспан мен жер шайқалады. Бірақ Жаратқан Ие — өз халқының бас сауғалайтын панасы, Исраилдің үрім-бұтағының қамал іспетті берік қорғаушысы! Амос пайғамбар былай деді:«Жаратқан Ие Сион тауынан ақырады,Ол Иерусалимнен дауысын шығарады.Сонда малшылардың жайылымдары солады,Қармил тауының төбесі де кеуіп қалады!» Уа, «Жаратқан Иенің соты күні келсе екен!» деп аңсайтындар, сендер қасіретке қаласыңдар! Жаратқан Иенің күні сендерге не үшін керек? Оның алып келетіні нұр емес, қара түнек қой! Сол күн — Тәңір Иенің қаһары төгілетін күн, адамның қайғырып, азап шегетін күні, елдің қирап қаңырап қалатын күні, қараңғылық пен қара түнектің күні, қалың бұлттар мен қара мұнардың күні, Бірақ Оның келетін сол күніне кім төзе алады? Ол келіп, ашық көрінген күні кім берік тұра алатын болады? Себебі Ол күмісті балқытып тазалайтын зергердің оты әрі мата ағартушының сілтісі сияқты әрекет етпек. Өйткені Иеміздің Өзі көктен түсіп, бұйрық береді, әрі бас періште шақырып, Құдайдың кернейі қатты дауыстайды. Сонда ең алдымен Мәсіхке сеніп бұ дүниеден кеткендер қайта тіріледі. Сол себепті бір-ақ күннің ішінде мына пәлелерге: індет, қайғы-қасірет және аштыққа ұшырап, отқа өртенбек. Себебі оны соттаушы Құдай — Жаратқан Ие құдіретті».
Выбор основного перевода