Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Мен осы жерде әділдігімді жүзеге асыратын боламын. Ол алыс емес, жақындап қалды, Менің құтқаруым кешікпейді! Мен Сион шаһарын азат етемін, бүкіл Исраил елін салтанатты ұлылығыма бөлейтін боламын». «Сион қаласына және Жақыптың үрім-бұтағының теріс жолдан қайтқандарына оларды құтқаратын Қамқоршы келеді! — деп жариялайды Жаратқан Ие. — Бірақ Сион тауы қашқындарға бас сауғалайтын пана болады. Ол киелі болмақ. Жақыптың халқы өзінің мұралық жерін қайтадан иемденеді. Сонда ақсақтар тірі қалып, алысқа жер аударылғандармен бірге Менің мықты халқым болады. Мен, Жаратқан Ие, сол күннен бастап мәңгілікке Сион тауынан оларға патшалық құратын боламын. Енді аман-есен тұқым себіліп, жүзімдік өз жемісін, жер өз өнімін беріп, аспан өз шығын түсіріп тұратын болады. Мұның бәрін Мен осы халықтың тірі қалғандарына мұралық меншік етіп беремін. Ишая пайғамбар Исраил жайында дауыстап мынадай сөздер айтқан: Исраилдің ұрпақтары теңіз жағалауындағы құм қиыршықтарындай сансыз көп болса да, олардың біразы ғана аман қалады. Себебі: «Иеміздің атын атап Оған сиынған әркім құтқарылады» деп те жазылған.
Выбор основного перевода