Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Жер өнімін беріп, сендер тамақты тоя жеп, аман-есен тұрмыс кешесіңдер. Тамақ ішіп, тойғаннан кейін, осы шұрайлы елді өздеріңе табыстағаны үшін Құдайларың Жаратқан Иені мадақтаңдар! Уа, Құдай, халықтар Сені мадақтай берсін,Күллі ұлттар Өзіңе мақтау айта берсін! Сонда жердің топырағы бізге өнімін сыйлар,Һәм Құдай, сиынған Құдайымыз, бізді жарылқар. Лайым Құдай бізді жарылқай берсін,Бар жердегі адамдар Оны қастерлесін! Уа, Жаратқан Ие, менің Құдайымсың Сен!Құрметтеп Сені атыңды мақтаймын мен.Сондай керемет істерді жасадың,Өзің көп бұрын оларды жоспарладың,Шынайы адалдықпен жүзеге асырдың. Ал Жаратқан Ие Исраил халқын құтқарып, ұдайы қорғап-қолдайды. Содан оларға: «Енді қайтып қорланбайсыңдар, мәңгі масқара болмайсыңдар!» — делінеді. Сонда патшалар кіндік әкелерің болып, ханымдары күтуші әйелдеріңе айналады. Олар саған жерге дейін иіліп тағзым етіп, аяғыңа жабысқан шаңды сүртіп құлдық ұрады. Осылай сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Маған үміт артқандар ұятқа қалмайды!» Қайта, өнімді жинағандар жеп, Маған, Жаратқан Иеге, шүкірлік етпек. Жүзімді жинағандар да оның шырынын Менің киелі үйімнің ауласында мейрамдап ішетін болады.
Выбор основного перевода