Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Кернейдің екеуі де тартылған кезде, бүкіл қауым кездесу шатырының алдында жиналсын. Елдеріңде өздеріңе зорлық жасаған жауға қарсы соғысқандарыңда да, кернейлерді дабыл беріп тартыңдар! Сонда Мен, Құдайларың Жаратқан Ие, сендерді ескеріп, жауларыңнан құтқаратын боламын. Әлемнің Иесінің сот жүргізетін сол күні күллі мақтаншақтар мен тәкаппарлар, өзін-өзі дәріптеуші әркім де масқараланып төмендетіледі! Яһудада хабарлап, Иерусалимде жариялаңдар, бар күштеріңмен айқайлап, мынаны айтыңдар: «Керней тартып, бүкіл елде дабыл қағыңдар! Бәріне былай деңдер: Жиналыңдар! Бекіністі қалаларға қашып барып бас сауғалайық! Жаратқан Иенің күні таяп қалды. Бұл қандай қасіретті күн болмақ! Сол күні құдіреті шексіз Құдай елді талқандамақ. Жаратқан Ие сол әскерінің алдында дауысын шығарады. Оның жинаған қолы қандай орасан зор! Оның әмірін орындайтындар өте көп. Шын мәнінде Жаратқан Иенің соты күні ұлы да қатты қорқынышты! Оған кім шыдай алады? Жаратқан Иенің ұлы да қорқынышты (соты) күні келердің алдында күн — қара түнек, ай — қан қызыл болады. Жаратқан Иенің ұлы күні таяп, жақындап қалды, ол тез келе жатыр! Жаратқан Иенің сол күні қатты дауыс шықпақ, сонда мықты жасақшылар да ащы зармен айқайлайтын болады. Сол күн — Тәңір Иенің қаһары төгілетін күн, адамның қайғырып, азап шегетін күні, елдің қирап қаңырап қалатын күні, қараңғылық пен қара түнектің күні, қалың бұлттар мен қара мұнардың күні, кернейдің даусы мен шайқастың айқай-шуының күні болады! Сонда бекіністі қалалар мен зәулім мұнараларға қарсы шабуыл жасалады.
Выбор основного перевода