Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Бұдан кейін Ол Мұсаның алдынан өтіп бара жатып былай деп дауыстады:«Жаратқан Ие! Жаратқан Ие!Құдай мейірімді де қайырымды,Тез қаһарланбайтын да өте рақымды.Құдай әрдайым сөзінде тұрады; Енді патша басқа бір елубасын елу жауынгерімен бірге жіберді. Елубасы Ілиясқа бұйырып:— Ей, Құдайдың адамы! Патша саған: «Тез төмен түсіп, өзіме кел!» деп әмір етті, — деді. Жүрегі жаралыға Жаратқан жақын тұрады,Жаны күйреп, күнәсіне өкінгенді құтқарады. Уа, Ием, Өзіңе сиынғанның барлығынаКешірімді де ізгісің, шексіз рақымды да. Ал Сен рақымды да қайырымды Құдайсың,Уа, Ием, Сен тез қаһарланбайсың,Шексіз Сенің мейірімің мен адалдығың. Себебі Киелі Құдай деп аталған, мәңгі тірі дәріптелген Алла Тағала мынаны да айтады: «Мен көктегі киелі мекенімде тұрамын. Сондай-ақ күйреп, күнәсіне шын көңілден өкінген кішіпейіл жанның қасында да боламын. Оны қайтадан рухтандырып, жаралы жүрегін сауықтырамын. Бірақ егер сол халық өзінің жасап жүрген зұлым істеріне өкініп, солардан бас тартса, онда Мен де райымнан қайтып, жіберейін деп отырған апатты оларға жібермеймін. Егер осы елде қалатын болсаңдар, Мен сендерді құртпаймын, керісінше, тұрғызып өркендетемін, жұлып тастамаймын, керісінше, қайтадан егіп отырғызамын. Өйткені Мен сендерге жіберген зор апат жайлы райымнан қайтамын. Ол Жаратқан Иеге сиынып былай деді:— Уа, Ием, мен осылай болатынын елімде жүргенде-ақ айтпап па едім? Сондықтан да тездетіп Тарсиске қарай қаштым. Сенің рақымды да мейірбанды Құдай екеніңді білгенмін: Сен тез қаһарлана қоймайтын төзімдісің, берік сүйіспеншілігің шексіз зор. Пәле жіберемін деген райыңнан қайтуға да дайынсың.
Выбор основного перевода