Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
Мұса Манаса руының жартысына әулеттері бойынша үлестіріп берген жер мынау: Маханайымнан бастап, бүкіл Башан аймағын, Башанның патшасы Огтың билігіндегі барша жерді және Башандағы Жайыр қоныстарын, барлығы алпыс қаланы қамтитын аймақ, бұған қоса Ғилақад аймағының жартысы, Аштарот және Едірей. Бұлар Ог патшаның Башандағы басты қалалары болған еді. Осы жер Манаса ұлы Махырдың үрім-бұтағының жартысына әулеттеріне сай үлестірілді. Ал енді, Жүсіптің тұңғышы Манасадан тараған рудың жартысына үлестірілген жер мынау: Махыр әулеті батыл жауынгерлер болғандықтан, оларға (Иорданның шығыс жағындағы) Ғилақад пен Башан аймақтары иемденуге берілген еді. Манасаның қалған ұрпақтарына (Иорданның батыс жағында) әулеттері бойынша мұралық жер үлестірілді. Манасаның еркек кіндікті ұрпақтарынан Әбиезер, Хелек, Асриел, Сихем, Хефер, Шемида әулеттері тарады. Ал Манасаның шөпшегі, Махырдың шөбересі, Ғилақадтың немересі, Хефер ұлы Салопахадта ұл болмай, Махла, Ноға, Хоғла, Мылқа, Тирса атты қыздары ғана болды. Бұлар діни қызметкер Елазардың, Нұн ұлы Ешуаның және елдің басқа да басқарушыларының алдына келіп: «Ағайындарымызға берілгендей, мұралық жер бізге де берілсін деп Жаратқан Ие Мұсаға бұйырған еді ғой», — деді. Осылайша Жаратқан Иенің бұйрығына сай, оларға мұралық жер әкелерінің еркек кіндікті туысқандары қатарлы берілді. Сонымен Манаса руының жері Иордан өзенінің арғы шығыс жағындағы Ғилақад пен Башан аймақтарына қоса тағы Қанахан елінің ішіндегі он аймақтан да тұратын болды. Себебі Манасаның сол бес немене қызы еркек кіндікті туысқандары секілді мұралық жерге ие болды. Ғилақад аймағы Манасаның басқа ұрпақтарының үлесіне тиген еді. Манаса руының шекарасы Аширден Сихемнің шығысындағы Михметахқа дейінгі аралықты алып жатады. Содан соң шекара оңтүстікке, Ен-Таппуахтың тұрғындарына қарай бұрылады. Таппуах аймағы Манаса руына, ал Манасаның шекарасындағы Таппуах қаласы Ефрем руына жатады. Бұл жерден шекара Қанах жылғасына, сол жылғаның оңтүстік жағына қарай бұрылады. Мұндағы қалалар Манасаның қалаларының арасында орналасса да, Ефрем руына жатады. Содан Манаса руының шекарасы жылғаның солтүстік жағымен жүріп отырып, теңізге келіп тіреледі. Оңтүстік жақтағы жер Ефремдікі, ал солтүстіктегісі Манасанікі. Манаса руының жерінің бір шеті теңізбен ұласып жатса, солтүстігінде Ашир, шығысында Исашар руларының жерлерімен шектеседі. Ал Исашар мен Ашир руларының ішіндегі Бет-Шан, Ибелам, Дор, Ендор, Тағанах, Мегидо қалаларының тұрғындары және айналаларындағы елді мекендер Манаса руына жатуға тиіс. Осындағы Дор қаласының Нафот деген қосымша аты бар. Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: «Елдің жерін мына шекаралар бойынша Исраилдің он екі руына бөліп, иемденуге беріңдер! Жүсіптің ұрпақтарына екі үлес тиюі керек.
Выбор основного перевода