Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
Діни қызметкерлердің мұралық жері жөніндегі ереже мынау: олардың мұралық үлесі Менмін. Оларға Исраилден ешқандай меншікті жер аймағы үлестірілмесін, себебі олардың үлесі Өзіммін. Қасиетті аудан киелі үйде Жаратқан Иенің алдында қызмет ететін діни қызметкерлерге арналсын. Олардың тұратын үйлері және киелі үйдің өзі осы жерде орналассын. «Яһуданың жерімен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан аймақты ерекше мақсатқа арнап бөлек қойыңдар. Оның ені жиырма бес мың шынтақ болып, шығыстан батысқа дейінгі ұзындығы рулардың үлестеріне тиген жердің ұзындығымен тең болсын. Осы арнайы аймақтың ортасында киелі орын орналасады.
Выбор основного перевода