Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
«Сондай-ақ, Исраил халқы тура жолдан адасып, өздерінің діңгек тәрізді жиренішті тәңірлеріне табынып кеткен кездері солармен бірге Менен безіп кеткен леуіліктер де өз күнәларының зардабын тартуға тиіс. Бірақ халық діңгек тәрізді жиренішті тәңірлерге табынып жүргенде леуіліктер де соларға ғибадат етіп, Исраил халқын күнәға батырды. Сондықтан Мен салтанатты түрде ант етіп былай деймін: Леуіліктер өз күнәларының зардаптарын тартатын болады! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. Тек Садықтан тараған леуіліктер ғана діни қызметкер бола алады. Өзге исраилдіктер Менен безіп кеткен кездері олар Менің киелі үйімді қорғап, міндеттерін адал атқарып жүрді. Сондықтан Садықтың ұрпақтары Менің алдыма келіп, діни қызмет атқара берсін. Олар алдымда тұрып, құрбандық малдардың іш майы мен қанын ұсынсын! — деп бұйырады Жаратушы Тәңір Ие. —
Выбор основного перевода