Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
Жетінші жеребе әулеттері бойынша Дан руына түсті. Оның мұралық жеріне Сора, Ештағол, Ир-Шәміш, Шағалаббин, Аялон, Итла, Елон, Тимна, Әкрон, Елтеке, Гибетон, Бағалат, Еһуд, Бене-Берақ, Ғат-Риммон, Ме-Жарқон, Рақон және Яффаның алдындағы аймақ кірді. Дан руы өзіне берілген мұралық жеріне ие бола алмай, одан айырылып қалды. Сонда олар Ләшемге қарсы соғысып, оны қолға түсіріп, тұрғындарын семсердің жүзімен қырып тастады. Дандықтар сол қалаға өздері қоныстанып алды да, Ләшем деген атын түп аталарының құрметіне Дан деп өзгертті. Дан руының үлесіне әулеттері бойынша тиген мұралық жер, ондағы қалалар әрі оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар. Елдің шекаралары мынадай болады: Солтүстік жақтан ол Жерорта теңізінен Хетлон жолы арқылы, Лебо-Хаматтың қасымен Седад, Берот, Сибраим қалаларына дейін, одан әрі Ауранның шекарасындағы Хасар-Тихонға дейін созылады. Ал Сибраим Дамаск пен Хамат патшалықтарының арасындағы шекарада орналасқан. Сонымен Жерорта теңізінен шекара Дамаскінің солтүстік шекарасындағы Хасар-Енан қаласына дейін созылады. Хасар-Енанның солтүстік жағында Хаматтың шекарасы бар. Елдің солтүстік шекарасы осы болады. Шығыс жақтағы шекара Ауран мен Дамаскінің арасында басталып, Ғилақад пен Исраилдің елдерінің арасында жатқан Иордан өзенінің бойымен жүре отырып, Шығыс теңізге, одан әрмен Тамарға дейін жетеді. Елдің шығыс шекарасы осы болады. Оңтүстіктегі шекара Тамардан Қадештің маңайындағы Меріба суына дейін ұласады да, одан Мысырдың шетіндегі өзен аңғарының бойымен Жерорта теңізіне дейін жетеді. Елдің оңтүстік шекарасы осы болады. Батыс шекара Жерорта теңізін бойлай отырып, Лебо-Хаматқа қарама-қарсы жерге дейін созылады. Елдің батыс шекарасы осы болады.
Выбор основного перевода