Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
Екінші жеребе әулеттері бойынша Шимон руына түсті. Бұл руға үлестірілген мұралық жер Яһуда руының жерінің ішінде жататын болды. Шимон руына мына қалалар тиді: Бер-Шеба, яки Шеба, Молада, Хасар-Шуал, Балах, Әсем, Елтолад, Бетул, Хорма, Сикеләг, Бет-Марқабот, Хасар-Суса, Бет-Лебағот, Шарухен — он үш қала әрі оларға қарасты елді мекендер, Аин, Риммон, Етер, Ашан — төрт қала әрі оларға қарасты елді мекендер. Бұларға қоса олардың айналаларындағы Бағалат-Берге, яғни Негевтегі Рамаққа, дейінгі жердегі барлық елді мекендер де берілді. Әулеттері бойынша Шимон руына берілген мұралық жер, міне, осы. Шимон руына мұралық жер Яһуда руының үлесінен берілді, себебі Яһуданың үлесі өздері үшін тым үлкен болатын. Сондықтан Шимонның ұрпақтарына мұралық жер Яһуданың үлесінің ішінен берілді.
Выбор основного перевода