Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
Мен, Жаратқан Ие, олардың Құдайы, ал қызметшім Дәуіт олардың арасындағы әмірші болады. Өзім, Жаратқан Ие, осыны уәде етемін. «Әміршіге арнап тағы да екі аудан белгіленсін. Солардың біріншісі қасиетті ауданның және қаланың меншікті жерінің батыс жағымен шекаралас болсын. Екіншісі солардың шығыс жағымен шекаралас болсын. Әміршінің екі ауданының арғы шекаралары Исраил руларының жерінің батыс және шығыс шекараларының жалғасы болады. «Яһуданың жерімен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан аймақты ерекше мақсатқа арнап бөлек қойыңдар. Оның ені жиырма бес мың шынтақ болып, шығыстан батысқа дейінгі ұзындығы рулардың үлестеріне тиген жердің ұзындығымен тең болсын. Осы арнайы аймақтың ортасында киелі орын орналасады. Бұл ауданның бір бөлігі діни қызметкерлерге арналған қасиетті жер үлесі болады. Соның солтүстік және оңтүстік жақтарындағы ұзындығы жиырма бес мың шынтақтан, батыс және шығыс жақтарындағы ені он мың шынтақтан болады. Қасиетті жер үлесінің ортасында Жаратқан Иенің киелі орны орналасады. Сонымен леуіліктердің және қаланың жер үлестері әміршіге тиісті жердің ортасында жатады. Әміршінің жері Яһуда мен Бунямин руларының жер үлестерінің арасында, олармен шектесіп жататын болады».
Выбор основного перевода