Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
Алтыншы жеребе әулеттері бойынша Нафталим руына түсті. Нафталим руының шекарасы Хелефтен басталып, Сананымдағы дәу емен ағашы мен Ябниел арқылы өтіп, Лақумға дейін жетеді де, Иордан өзеніне келіп тіреледі. Содан соң ол батысқа, Азнот-Таборға қарай бұрылып, Хұқоққа беттейді. Сонымен Нафталимнің жері оңтүстікте Забулонмен, батыста Аширмен, шығыста Иордан өзенімен шектеседі. Бекіністі қалалары: Сиддим, Сер, Хамат, Раққат, Кінерет, Адама, Рамақ, Хасор, Кедес, Едірей, Ен-Хасор, Ирон, Мигдал-Ел, Хорем, Бет-Анат және Бет-Шәміш. Барлығы он тоғыз қала әрі оларға қарасты елді мекендер болды. Нафталим руына әулеттері бойынша тиген мұралық жер, ондағы қалалар әрі оларға қарасты елді мекендер, міне, осылар.
Выбор основного перевода