Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Иезекииль
Параллельные места
Енді мыналар Бунямин руына әулеттері бойынша берілген қалалар: Иерихон, Бет-Хоғыла, Емек-Кесис, Бет-Араба, Семараим, Бетел, Ауим, Парах, Офра, Кефар-Аммонай, Опни, Геба — он екі қала мен оларға қарасты елді мекендер, Гибеон, Рамақ, Бегерот, Миспа, Кефира, Моса, Рекем, Ирпеил, Тарала, Села, Елеф, Ебус, яғни Иерусалим, Гибея, Кирият — он төрт қала әрі оларға қарасты елді мекендер. Әулеттері бойынша Бунямин руына үлестірілген мұралық жер, міне, осы. «Аттары аталып тізімделген рулар мыналар:Елдің солтүстік шекарасында Данның үлесі болады. Оның шегі Хетлон жолының бойымен Лево-Хаматқа дейін барып, Дамаскінің Хаматқа қарай жатқан солтүстік шекарасында орналасқан Хасар-Енан қаласына дейін жетеді. Осылайша Дан руының жер үлесі елдің шығыс шегінен батыс шегіне дейін созылмақ. Аширдің жер үлесі Данның жерімен оның оңтүстік жағында шекараласып жататын болады. Ол да елдің шығыс шегінен батыс шегіне дейін созылмақ. Нафталимге Аширдің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді. Манасаға Нафталимнің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан келесі жер үлесі тиеді. Ефремге Манасаның жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді. Рубенге Ефремнің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді. Яһудаға Рубеннің жерінің оңтүстік жағындағы, онымен шығыстан батысқа дейін шекараласып жатқан жер үлесі тиеді».
Выбор основного перевода