Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал енді, міне, қараңыз: Жаратқан Ие мына барлық пайғамбарларыңыздың ауыздарына өтірік хабар айтқызатын рухты салып қойған. Себебі Жаратқан Ие сіздің басыңызға пәле түсетінін алдын ала кесіп қойды! Күш-қуат пен жеңіс те Оның қолында, алданған да, алдаушы да Оның көз алдында. Сонда мен: «Уа, Жаратушы Тәңір Ие, «Сендерге амандық пен тыныштық болады» деп халық пен Иерусалимді алдаған екенсің! Ал шынында семсер тамағымызға таяп, орып жіберейін деп-ақ тұр!» — деп мұңымды шақтым. Сондықтан Мен, Жаратқан Ие, Өзімнің атымнан хабарларын жеткізіп жүрген пайғамбарлар туралы мынаны айтамын: Мен оларды жіберген емеспін. Бірақ олар: «Бұл елге не семсер, не ашаршылық жуымайды!» деп жариялап жүр. Расында дәл осы пайғамбарлардың өздері семсерден қаза тауып, аштан өледі! Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: (Мен көрсеткен) аянды көрмей, өз қиялдарына еріп жүрген ақымақ пайғамбарсымақтар қасіретке қалады! Сондықтан да Құдай оларды өтірікке иланып, түзу жолдан оп-оңай адасатын қылып қояды.
Выбор основного перевода