Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
онда Мен сендерге мыналарды істеймін: аяқ астынан үрей туғызамын, араларыңа өкпе ауруын әрі көздеріңді соқыр етіп, өмірлеріңді қысқартатын індет жіберемін. Жауларың өнімдеріңді тартып алып, егіндеріңді бекер себетін боласыңдар. Ал егер: «Қайда баруымыз керек?» деп сұраса, сен оларға былай де: Жаратқан Ие мынаны айтады: Әркім өзіне бұйырылғанына барсын: індеттен өлуге бұйырылғаны індетке, семсерге бұйырылғаны семсерге, аштыққа бұйырылғаны аштыққа, жер аударылуға бұйырылғаны жер аударылуға кетсін! Мен оларды төрт түрлі өліммен жазалаймын: өлтіру үшін семсер, жұлмалап боршалау үшін иттер, жалмап жоқ қылу үшін аспанның жыртқыш құстарын және жердің аңдарын жіберемін. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын. Ата-бабаларына Өзім табыстаған осы елден олар толығымен құрып кетпейінше, Мен оларға семсер, ашаршылық және індет жібере беремін. Мен сендерге аштықпен қоса жыртқыш аңдарды да жіберемін. Олар сендерді шабуылдап, балаларыңнан айырады. Індет пен қантөгіс бүкіл елді жайлап, Мен жаудың семсерін де сендерді қыратын қыламын. Мен, Жаратқан Ие, осыны нық айтамын». Оларға тағы былай де: Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие өз атымен ант етіп былай дейді: Елдегі қирап жатқан үйлерде тұрып жатқандар семсерден мерт болады. Айдаланы кезіп жүргендерді жыртқыш аңдарға жем қыламын. Бекіністі жерлер мен үңгірлерде тұрып жатқандар індеттен қырылады. Қарасам, алдымда сұп-сұр қуқыл ат тұр екен. Оған мінгеннің есімі «Өлім», ал соңынан «О дүние» делінгені еріпті. Осы екеуіне жердің төрттен бір бөлігіне өктемдік құрып, семсер, ашаршылық, індет және жыртқыш аңдар арқылы құрту билігі берілді.
Выбор основного перевода