Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егер не Исраилдің үрім-бұтағынан біреу, не араларында тұрып жатқан жат жұрттықтардан біреу қанның кез келген түрін ішіп-жейтін болса, Мен сондай адамға қарсы шығып, оны халықтың арасынан аластатамын. Жаратқан Ие сендерді бөтен халықтардың арасына айдатып жібергенде, олардың бәрі кешкен азаптарыңды көріп, шошынады. Сендерді мазаққа айналдырып, келекелейтін болады. Сендердің есімдерің Менің таңдап алғандарым үшін қарғыс іспетті болып қалады. Мен, Жаратушы Тәңір Ие, көздеріңді құртамын, ал адал қызметшілеріме жаңадан құрметті есім сыйлаймын. Сондықтан Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, мынаны айтады: Сендерге пәле жіберіп, Мысырдағы яһудалықтардың бәрін толығымен құртуды шештім! Өзіңді ашу-ызаммен және қаһарлы сөгіспен жазалағанымда сен айналаңдағы халықтардың масқарасы мен келекесіне қалып, ойрандалудың қорқынышты үлгісіне айналасың. Бұны нық айтқан Мен Жаратқан Иемін! Өліктерің табыну орындарыңда үйіліп жатады. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар! оларға назар аударып қарсы шығамын. Иерусалимдіктер тіпті апаттың отынан қашып құтылып шықса да, от оларды бәрібір жалмап қояды. Мен оларға осылай қарсы шыққан кезде сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар.
Выбор основного перевода