Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол күн туғанда күнәкарлар табыну үшін өздері жасап алған алтын, күміс тәңір мүсіндерін лақтырып, көртышқандар мен жарқанаттарға қалдырып кетеді. Енді сендер күміспен қапталған не алтын жалатқан жалған тәңір мүсіндеріңді алып, оларды арам нәрседей менсінбей: «Көз алдымнан жоғалыңдар!» деп, лақтырып тастайсыңдар. Содан кейін Ол маған тағы былай деп тапсырды: «Пендем, олардың не істеп жүргендерін көріп тұрсың ба? Исраил халқының осында істегендері әбден жексұрын! Олар Менің киелі үйімді Маған енді ғибадат етуге болмайтын орын қылып арамдауда! Соларының кесірінен Мен киелі үйімнен бас тартып, оны тастап кетпекпін! Бірақ сен бұдан да бетер жексұрын істерді көресің!» Сондықтан, уа, Исраил халқы, Мен сендердің әрқайсыңа өз іс-әрекеттеріңе сәйкес үкім шығарамын! — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Бұрын істеген барлық зұлым қылықтарыңа өкініп, солардан бас тартыңдар! Сонда сендер өмір жолдарыңда әділетсіз іс істеп сүрініп құламайсыңдар.
Выбор основного перевода