Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің рақымына тек Нұх қана ие болды. Мынау Нұхтың шежіресі:Нұх замандастарының арасында әділ де кінәратсыз, Құдаймен тығыз байланыста жүрген адам еді. Бір кезде Ус елінде Әйүп есімді адам өмір сүрді. Ол кінәратсыз да әділ болып, Құдайды терең қастерлеп, жамандықтан аулақ жүретін. Қонақасының кезеңі біткенде, Әйүп кісі жіберіп, балалары үшін тазару рәсімін орындайтын. Сол үшін Әйүп ерте тұрып, әр баласы үшін бір малдан құрбандыққа шалып, түгелдей өртеп Құдайға ұсынатын. Өйткені ол: «Мүмкін, балаларым күнә жасап, іштей Құдайға тіл тигізіп қойған шығар» деп ойлайтын. Әйүп әрдайым осылай істейтін. Сондықтан жеті жас бұқа мен жеті қошқарды қызметшім Әйүпке алып барып, оларды өздерің үшін түгелдей өртелетін құрбандыққа шалыңдар. Қызметшім Әйүп сендер үшін сиынады. Сонда Мен оның мінажатын қабылдаймын, әрі сендерге надан сөздеріңе бола тиісті жазаларыңды тартқызбаймын. Өйткені сендер Өзім туралы қызметшім Әйүп сияқты дұрыс сөйлеген жоқсыңдар». Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді:— Тіпті Мұса мен Самуил осында Менің алдымда тұрып, олар үшін өтініш жасаса да, бәрібір бұл халыққа жаным ашымас еді. Халықты Менің көз алдымнан қуып жіберіңдер, кетсін! Ал егер сен сол әділетсіз адамға ескертіп, ол бәрібір теріс жолынан қайтпай, зұлым істерінен бас тартпаса, онда ол өз әділетсіздігінің жазасын тартып өледі, бірақ сен өз өміріңді сақтап қаласың. Сонда елде жаңағы үш әділ адам: Нұх, Даниял, Әйүп тұрып жатса да, олар тіпті ұл-қыздарын да құтқара алмай, жалғыз өз бастары ғана аман қалып, ел қаңырап бос қалар еді. Мен, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие, осыларды ант етемін. Сонда елде әлгі үш әділ адам тұрып жатса да, олар тіпті ұл-қыздарын да құтқара алмай, жалғыз өз бастары ғана аман қалар еді. Мен, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие, осыларды ант етемін. Сонда елде Нұх, Даниял, Әйүп тұрып жатса да, олар әділ болғандарының арқасында тіпті ұл-қыздарын да құтқара алмай, тек өз бастарын ғана аман алып қалар еді. Мен, мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие, осыларды ант етемін. Яһуда руынан таңдап алынған жасөспірімдер арасында Даниял, Хананиях, Мишаел, Азариях деген балалар бар еді. Сен жалбарына бастаған кезде-ақ жауап берілген еді. Қазір соны саған жеткізуге келіп отырмын, себебі сен Құдайға өте ұнамдысың. Сондықтан мынаған көңіліңді бөліп, көріністің мағынасын ұғып ал: Тәңір Ие ежелгі дүниені де аямай, арсыз зұлымдардың әлеміне топан су жіберді. Жалғыз құтқарғаны әділдікті уағыздаушы Нұх пайғамбар мен оның отбасы, барлығы сегіз-ақ адам, болды.
Выбор основного перевода