Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал араларыңда тұрып жатқан жат жұрттық біреу Жаратқан Иеге бағышталған Құтқарылу мейрамын тойлағысы келсе, алдымен сол адамның үйіндегі барлық еркек кіндіктілерін сүндеттеңдер. Сонда ол елдеріңнің жергілікті тұрғыны іспетті мейрам асына қатыса алады. Ал бірде-бір сүндеттелмеген адам одан ауыз тимеуге тиіс. ал жетінші күн — Құдай Иеңе бағышталған демалыс күні. Сол күні не өзің, не ұл-қызың, не қызметшілерің, не малдарың, не қалаларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар ешқандай жұмыс істемеңдер! Сондықтан оларға былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Исраил халқы жүрегінің төріне жалған тәңірлерді орнатып, өздерін адастырып, күнәға батыратын зұлым нәрселерді басты орынға қойып алған. Әйтсе де, олар енді Менен ақыл сұрау үшін пайғамбарыма барды. Сондықтан Мен, Жаратқан Ие, оларды өздерін арамдайтын жалған тәңірлерінің молшылығына сәйкес жазалап, жауабымды беремін. Олар Маған, Жаратқан Иеге құлақ салудан бас тартып, енді Өзіме бет бұрып сиынбайды да, Менен не ақыл, не жарылқау сұрамайды да. Мен солардың барлығын да қырып-жоямын!»
Выбор основного перевода