Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені Жаратқан Ие мынаны айтады: «Бүкіл ел қирап қаңырап бос қалады! Дегенмен оны түгелдей қырып-жоймаймын. Бірақ Мен кейбіреулеріңді жаудың семсерінен аман қалдырып, бөгде халықтар мен елдердің арасына таратып жіберемін. Бас сауғалап тауға қашып кеткендер гуілдеген аңғар көгершіні іспетті еңіреп жылап, өз кінәларына өкінетін болады. Бірақ олар сол ұлттардың арасына шашырағанда Мен кейбіреулерін семсерден, ашаршылық пен індеттен тірі қалдырамын. Мұнан кейін бұлар өз салт-дәстүрлерінің қаншама жексұрын болғанын мойындайды. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады». Сен оларды өз істегендеріңмен жақсы сезіндіргенің үшін ұялып, нағыз масқараға қалатын боласың. Сол жерде сендер өздеріңді арамдаған іс-әрекеттеріңді естеріңе алып, жасаған жамандықтарыңа бола өздеріңнен-өздерің жиренетін боласыңдар.
Выбор основного перевода