Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан, егер айтқандарыма құлақ асып, Менің Келісімімді сақтап жүрсеңдер, барлық халықтардың ішінде сендер Менің ерекше құнды меншігім боласыңдар. Араларыңда жүріп, сендердің Құдайларың боламын, ал сендер Менің халқым боласыңдар. Сонда олар Менің ережелерімді ұстанып, заңдарыма бағынып соларды орындайтын болады. Олар Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын. Сендер Мен ата-бабаларыңа табыстаған елді қайтадан мекендеп, Өзімнің халқым боласыңдар, ал Мен Құдайларың боламын. Халық енді қайтып өздерін жалған тәңірлерінің мүсіндерімен, басқа да жиренішті нәрселерімен және бас көтеріп жасаған өзге күнәларымен арамдамайды. Мен оларды Өзімнен бас тартып, опасыздықпен жасаған күнәларынан арылтып тазартамын. Осылай олар тағы да Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын. Осылай Менің (жер бетіндегі) тұрағым олармен бірге болады. Мен олардың Құдайы, ал олар Менің халқым болады. «Сондай-ақ, Исраил халқы тура жолдан адасып, өздерінің діңгек тәрізді жиренішті тәңірлеріне табынып кеткен кездері солармен бірге Менен безіп кеткен леуіліктер де өз күнәларының зардабын тартуға тиіс. Тек Садықтан тараған леуіліктер ғана діни қызметкер бола алады. Өзге исраилдіктер Менен безіп кеткен кездері олар Менің киелі үйімді қорғап, міндеттерін адал атқарып жүрді. Сондықтан Садықтың ұрпақтары Менің алдыма келіп, діни қызмет атқара берсін. Олар алдымда тұрып, құрбандық малдардың іш майы мен қанын ұсынсын! — деп бұйырады Жаратушы Тәңір Ие. —
Выбор основного перевода