Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Онда мына халық неге Менен бұрылып кетті? Иерусалим неге Менен біржола бет бұрып опасыздық жасай береді? Олар өтірікке жабысып алып, Маған кері қайтудан бас тартады. Сондықтан Жаратқан Ие ескертіп мынаны айтады: Мен оларға қашып құтыла алмайтын бір апат жіберемін. Олар Менен рақым етуімді жалбарына өтінсе де, оларға құлақ аспаймын. Сонда олар күмістерін көшеге лақтырып, алтындары да құнсыз көң іспетті саналмақ. Жаратқан Иенің қаһары төгілген сол күні алтын-күмістері оларды құтқаруға дәрменсіз болады. Өйткені адамдар соларды жеп, аштығын басып, қарындарын толтыра алмайды. Олардың байлыққұмарлығы сүрініп, күнәға батуларына себепші болды. «Ей, пендем, Исраилдің ақсақалдарына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендер Менің еркімді сұрап білу үшін келдіңдер ме?! Өзімнің атыммен ант етемін: Сендердің Менің еркімді сұрап білулеріңе жол бермеймін!» — Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады. Өйткені олар Менің шешімдерімді менсінбей, ережелеріме бағынбады, демалыс күндеріме қатысты ережелерімді бұзып, сол күндердің қасиеттілігін қастерлемеді. Себебі олар жүректерімен жалған тәңірлерге берілген еді. Оларға сый-тартуларыңды арнап, ұлдарыңды отқа өртеп құрбан еткен кездеріңде сендер өздеріңді осы күнге дейін сол жалған тәңірлеріңмен арамдап келесіңдер. Сонда Мені өздеріңе бұрынғыдай Өзімнен ақыл сұрауларыңа жол береді деп ойлайсыңдар ма? Жоқ, өз атыммен ант етемін, сендердің ақыл сұрауларыңа бұдан былай жол бермеймін!» — Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие осыны өз атымен ант етеді.
Выбор основного перевода