Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қылмыс жасайтын зұлымдармен біргеМаған өлімді бұйыра көрмеші.Басқалармен солар жылы сөйлескенмен,Олардың жүректері арамза әбден. Сарымайдан да жұмсақ айтқан сөздері,Бірақ қастандыққа толы оның жүрегі,Иісмайдан да жағымды айтқандары,Шынымен жалаң семсердей астарлары. Айналам толы жыртқыш арыстандай,Сол сұмдардың тілдері өткір қылыштай,Тістері де үшкір жебе мен найзадай. Ісіңнің қарымтасын, ей, айлакер жан,Саған қанша қылып қайтарар Жаратқан: Осы ұрпақтың тістері өткір қанжардай,Олардың жақтары өткір пышақтай,Жарлыны жер бетінен жалмап құртар,Мұқтажды адамзат арасынан аластатар. Менің халқымның арасында құсқа тұзақ құрғандай адамдарды аңдып жататын залымдар бар. Олар тор құрып, адамдарды қолға түсіреді. Олардың жан дүниелері пештей лаулайды, ойлағандары — қулық-сұмдық. Түні бойы ашу-ызалары сөнбей бықсып, таңертең жалындай лап ете қалады.
Выбор основного перевода