Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Егістік жеріңнің өнімін жинаған кезде оның шет жағын ормай қалдыра сал, әрі жерге түскен масақтарды қайтып келіп жинамай-ақ қой. Оларды жарлылар мен жат жұрттықтарға қалдыр. Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Сонда осы халықтың мәйіттері жыртқыш құстар мен аңдарға жем болып, соларды үркітіп жіберетін ешкім болмайды. Олар тірі кездерінде өздері сүйіп, жолдарын қуып, ақыл-кеңес сұрап, иіліп ғибадат еткен күн мен айдың әрі аспандағы жұлдыздардың астында қалады. Сүйектерді ешкім жинап алмайды, ешкім қабірге де қоймайды. Содан олар жерде қи сияқты шашылып жататын болады. Олар жазылмайтын індеттерден қырылады. Оларды жоқтап, қабірге қоятын ешкім болмағандықтан, сүйектері қи-қоқыс сияқты әр жерде шашылып жататын болады. Ал қалғандары семсерден қаза тауып, аштан өледі; денелері аспандағы құстар мен жердегі аңдарға жем болады.
Выбор основного перевода