Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол буынның күллі адамдары дүние салып, ата-бабаларының қасына жөнелгеннен кейін, Жаратқан Иені танымайтын және Оның Исраил үшін істеген ұлы істерін ескермейтін жаңа ұрпақ дүниеге келді. Бірақ Елидің ұлдары арсыз болатын. Олар Жаратқан Иеге мойынсұнбайтын Тілдерін олар семсердей өткірлеген,Көздеп тұр жебедей өткір сөздерімен. Ешкім адалдық пен әділдікті жақтап дауыс көтермейді. Бәрі бос жайттарға сүйеніп, сотта да өтірік айта береді. Олар зұлым жоспарлар ойлап шығарып, соларын жамандықпен жүзеге асырады. — Өз халқымның сана-сезімі кем, олар Мені жақыннан танымайды. Халқым ақылсыз балалар сияқты түсінік дегеннен жұрдай. Жамандықты істеуге келгенде шебер-ақ, ал жақсылық жасауды білмейді! (— дейді Жаратқан Ие.) Елдің халқы да өзгелерге қысым көрсетіп, адамдарды тонайды. Олар бейшара жарлыларды қанап, араларындағы жат жұрттық кірмелерді де жәбірлеп әділетсіздік жасайды. Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар, уа, Исраил халқы! Ол осы елдің тұрғындарына қарсы дау көтермек: «Елде адалдық пен мейірімділік әрі Құдайды жақыннан тануға деген ниет жоқ. Осылай олар Исаға келіп, былай деді:— Ұстаз, Сіздің әділ екеніңізді білеміз. Біреуге жағыну ниетінен аулақ болып, ешкімнің бет-жүзіне қарамай, жұртты шынымен Құдайдың жолына үйретесіз. Ал енді, Рим патшасына алым-салық төлеуіміз дұрыс па, әлде бұрыс па? Соларды өтеуіміз қажет пе, жоқ па?
Выбор основного перевода