Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тордың құсқа толы болатынындай, олардың үйлері алдамшылыққа толы. Соның арқасында олар байып, беделге ие болды. Олар Менің сөзіме мойынсұнудан бас тартқан ата-бабаларының зұлым істеріне қайта оралып, бөгде тәңірлердің жолына түсіп, соларға құлшылық етеді. Өздерінің ата-бабаларымен жасаған Келісімімді Исраилдің де, Яһуданың да халқы бұзды! Жаратқан Иенің сөзін тыңдаңдар, уа, Исраил халқы! Ол осы елдің тұрғындарына қарсы дау көтермек: «Елде адалдық пен мейірімділік әрі Құдайды жақыннан тануға деген ниет жоқ. Соттың мәні мынадай: «Құдайдың Нұры» жерге келді, бірақ адамдар Одан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері жаман еді. Жамандық істеген әркім Нұрды жек көреді және жасаған істері әшкереленбес үшін Нұрға жоламайды.
Выбор основного перевода