Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қиын-қыстау кезде қорықпаймын,Қоршаса да мені алдамшылардыңЗұлымдығы: әл-ауқаттарына оларСүйеніп, зор байлығымен мақтанар. Ал адам жанын пенде ажалдан босатпас,Оның төлемін Құдайға бере алмас. Адамның мәңгі өмір сүруі үшін,Қабірге түсіп, шірімеуі үшінТөлем төлеп босатудың бағасыТым қымбат, істей алмас оны адам баласы. Адамның мәңгі өмір сүруі үшін,Қабірге түсіп, шірімеуі үшінТөлем төлеп босатудың бағасыТым қымбат, істей алмас оны адам баласы. Мен осы өткінші дүниеге назар аударып, тағы мынаны көрдім: Жарыста жүйрік, шайқаста мықты жан әрдайым жеңе бермейді екен. Данада — тамақ, ақылдыда — байлық, шеберде — абырой әрқашан бола бермейді, солар барлық адамдардың үлесіне орайы келгенде кенеттен тиеді екен. Содан Ассур патшасы былай деп мақтанып бөседі: «Менің барлық әміршілерім патшадай күш-қуатқа ие емес пе? Мен Қаркеміш сияқты Қална қаласын да, Хамат секілді Арпад қамалын да, Дамаск сияқты Самарияны да оп-оңай басып аламын! Мен талай патшалықтарды өзіме қаратып, уысымда ұстаймын. Бұлардың түкке тұрғысыз тәңірлері мен мүсіндері Иерусалим мен Самариядағылардан күштірек. Мен Самарияны өзінің пайдасыз тәңірлерімен қоса құрттым, Иерусалимге және ондағы жұрт табынатын мүсіндерге де дәл солай істеймін!» Алайда Тәңір Ие Сион тауы мен бүкіл Иерусалимге қарсы істеп жатқандарының бәрін бітірген кезде былай дейтін болады:— Мен Ассур патшасын өркөкіректеніп, паңдана қарап жүргені үшін жауапқа тартатын боламын!
Выбор основного перевода