Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Еремия пайғамбар Жосия туралы жоқтау жырын шығарды. Осы күнге дейін еркек, әйел әншілер Жосия марқұмға арналған жоқтау жырларын айтып келеді. Бұларды орындау Исраилде дәстүрге айналды. Олар Жоқтау жырларының жинағына енді. Сол жаста адамдар құлап қалудан қорқып, жолдағы қауіп-қатерден жүрексінер. Шаштары гүлдеген бадам ағашындай әппақ болар. Салқын күндегі шегірткедей адам сүйретіліп зорға жүрер, әрі құштарлығы да қоздырылмас. Ақыр аяғында адам о дүниедегі мәңгілік мекеніне аттанар, ал көше оны жоқтаушыларға толар. Сондықтан Жаратқан Ие, Әлемнің Әміршісі Құдай Ие, мынаны айтады: «Барлық алаңдарда жұрт жылап-сықтап, ал көшелерде ойбауырымдап қайғыратын болады. Сонда диқандарды да зар жылауға, жоқтау айтуды шебер білетіндерді де жоқтау айтуға шақыратын болады.
Выбор основного перевода