Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы халық түсініктен жұрдай болған,Ақыл-парасаттары еш қалмаған. Ақылды жан бұл жайттарға ден қояды,Жаратқанның берік рақымын ұғынады. Ел Оның Келісіміне опасыздық жасаған адамдарға толып кеткендіктен қарғысқа ұшырады. Содан иен даладағы жайылымдар құрғап, жердің өзі қайғырып жатыр. Халық зұлымдық жасап, күш-қуатын жамандыққа жұмсайды. Әлемнің Иесі халыққа мынаны айтады: «Сол (жалған) пайғамбарлар сендерге хабарларын жеткізгенде оларға құлақ аспаңдар! Олар сендерді алдап босқа үміттендіріп жүр. Сендерге айтып жүрген сөздері — Жаратқан Иенің айтқандары емес, өз қиялдарынан шыққан сөздер. Ал олардың қайсысы Жаратқан Иенің көктегі кеңесінде тұрып Оның хабарларын көріп-естіпті? Оның сөзіне құлақ асып, ден қойған біреуі болды ма? Ефрем сонда:— Қойшы сол жалған тәңірлерді! — деп айтпақ. (Ал Мен мынадай жауап беремін:)— Мен сені естіп, назарымда ұстаймын.— Мен жайқалған арша ағашы сияқтымын.— Сенің жеміс беруің Менің жарылқауыммен.
Выбор основного перевода